ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ: бір орталыққа тұтасу ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕС

«Обще­ствен­ная пози­ция»


(про­ект «DAT» №37 (308) от 29 октяб­ря 2015 г.



Тарихқа жаңа көзқа­рас



(Жалға­сы. Басы газет­тің 01 қазан­дағы №33 санын­да)



Ел ішін­де 1731 жылғы 10 қазан жина­лы­сы­нан бастап жүр­ген үдеріс қаза­қтың басқа­ру­шы эли­та­сы­ның сая­си ақыл-ойы­ның кен­же­леп қалға­нын таныт­ты. Бірін­ші­ден, біртұ­тас, бір орта­лы­қтан басқарыла­тын мем­ле­кет құру­ды көз­де­ген иде­я­ны терең және жан-жақты тал­дап, сарап­та­уға ел ағала­ры­ның қауқар­сызды­ғын бай­қат­ты. Зама­на тала­бы­на жау­ап бере ала­тын, ең дұрыс деп мойын­дауға тұра­тын баста­ма­ны қос­тау неме­се жетіл­ді­ре оты­рып қол­дау дең­гей­іне жете алма­ғанын, қайт­кен­де де мемле­кет­тілікті сақтау сын­ды жасам­паз иде­я­ны пысы­қтай оты­рып, оң шешім қабыл­да­уға дай­ын ем­ес­тігін, мұн­дай елдік мұрат­ты ойла­у­ға сая­си тұрғы­да пісіп-жетіл­ме­генін көр­сет­ті.



Екін­ші­ден, ел тағ­ды­рын мем­лекеттік көзқа­рас тұр­ғы­сы­нан пай­ым­да­уға көтеріл­ме­генін дәлел­деді. Про­тек­то­рат­тық да­мудың бола­шағын еле­с­те­те алма­ды. Шын­дап кел­ген­де, олар­ды қазақ елінің Ресей про­тек­то­ра­ты болуы емес, сол белес арқы­лы Әбілқай­ыр хан­ның қа­таң орта­лы­қтан­ды­ры­лған билік жүй­есін құру ниеті шошыт­ты. Ол­ар күл­лі мем­ле­кет билі­гін бір ада­мға – Әбілқай­ыр ханға бе­ру­ді ойла­ры­на да алғы­сы кел­меді. Өйт­кені жеке­ле­ген ру-тай­­­па­лар­дың қожай­ы­ны болып жүр­ген өздерін енді кенет­тен жеке-дара биле­уші­ге тәу­ел­ді етуді, сөй­тіп әмір­ші қол астын­дағы пен­де сезі­нуді қор­лық көр­ді. Оларға бүгін­гі жүре тың­дап, өз деген­дерін істей беру­ге ыңғай­лы аға хан инсти­ту­ты қолай­лы еді. Бір хан­ның билі­гін қол­дап, оны күшей­тіп, оған өз­дерінің бағы­ны­шты­лы­ғын арт­тырғаннан гөрі, әрқай­сысы­ның өз аймақта­рын­да іс жүзін­де хан­ға тәу­ел­сіз түр­де, еркін қо­жайындық жасап жүруін жал­ғас­тыра беруі олар үшін әл­де­қайда тиім­ді бола­тын. Сол се­бепті қайт­кен­де де Әбілқай­ыр хан­ның күше­юіне жол бер­ме­уді көз­деді. Шын­ту­ай­тын­да, олар 1731 жылы про­тек­то­рат­ты­ққа емес, Әбілқай­ы­рға, оның бола­шақта монар­хқа айна­луы ықти­мал құзы­ретіне қар­сы шыққан еді. Бұл топ тек оны­сын ашып айт­пай, қалып­тасқан тыныс-тір­­шілік­теріне жаңа қауіп төн­діруі мүм­кін ұсы­ныс әкел­ген ор­ыс елшілі­гін кері қай­та­ру­ды талап еткен. Талап­та­ры орын­дал­мағандықтан, ішкі пиғылда­рын бүгіп, кінәні ханға ауда­руға жан­да­рын салған. Солар­дың: «Әбілқай­ыр хан жеке басы­ның пай­да­сын көз­деп, халық өкіл­де­рі­мен (билер кеңесі­мен) ақ­ыл­­даспай, қазақ елін оры­сқа бағын­ды­ру­ды қош көр­ді» деген айып­та­уы­мен, соны қоштай кет­кен бер­тін­гі ұрпақтың тілі­мен айтқан­да, «жеке басы­ның пай­да­сын көз­де­ген Әбілқай­ыр хан сатқын­дық жасап, қазақ елі­не отар­лық қамыт кигізді» деген тұжы­рым­мен тұздықта­лып, ғасыр­ларға кет­кен зіл­ді жала орны­қты.


Соның сал­да­ры­нан 1731 жылғы тари­хи жиын­ның артын­ша елде орын алған сепа­рат­тық әре­кет­тер­ге тиісті әділ баға беріл­меді. Мәсе­лен, 1733 жы­лы Ұлы жүздің аса ықпал­ды бес бас ада­мы (Төле би, Қодар би, Хан­гел­ді би, Сатай батыр, Бө­лек батыр) пат­шай­ым туы асты­на сұран­ды. Орта жүздің бір топ стар­шын­да­ры­мен бір­ге Сәме­ке хан пат­шай­ым­ның қорға­уы­на өту­ге екін­ші рет тілек біл­дір­ді (ал­ғашқысы 1731 жылы бола­тын). Осы оқиға­лар, бірін­ші­ден, қазақ елін­де­гі аға хан мәр­те­бесі мем­ле­кет­тік бір­лік­тің тұтас та мығым болуы­на қыз­мет ете алмай­ты­нын көр­сет­ті, екін­ші­ден, қазақ елін­де­гі бел­гілі тұлғалар­дың (кіші хандар, сұл­тан­дар, билер, батыр­лар, рубасыла­ры­ның) ел бір­лі­гін арт­ты­ру жолын­дағы мем­ле­кет­тік көзқа­рас­та­ры дамы­м­аға­ны­на дәлел бол­ды.


Егер пара­сатқа салып, Әбілқай­ыр хан­ның орыс про­тек­ци­я­сын қабыл­да­уға бар­ған жағ­дай­ын жан-жақты сарап­та­са және оны ел игілі­гіне қалай пай­да­ла­ну­дың жолын ойла­са, онда орыс билі­гінің өз­дерін қорға­уы­на тіке­лей алуын сұра­маған болар еді. Керісін­ше, про­тек­то­рат биле­ушісі Әбіл­қайыр хан­ның төңіре­гіне топ­та­сып, орыс туы сая­сын­да қазақ мем­ле­кет­тілі­гін нығай­тып алу бағы­тын ұстанған болар еді. Олар­дың импе­рия бодан­дығына жеке-жеке сұра­нуы іштерін­де­гі сепа­рат­тық пиғыл­ды айқын аңғар­тып, қаза­қтың күшті ханды­ғын құрғы­з­ба­уға мүд­делі орыс сая­са­ты­на әбден сәй­кес кел­ді.


Ал Әбілқай­ыр хан Ресей­ге адал­ды­ққа ант бер­ген­де, жоға­рыда айтқа­ны­мы­здай, орыс пат­шай­ы­мы­ның қол­да­уы­на сүй­еніп, Қазақ ханды­ғын біртұ­тас­тандыруды, билік­ті орта­лық­­тандырып, өкі­метін едәуір күшей­тіп алу­ды көз­де­ген бола­тын. Сөй­тіп өзіне башқұрт­тар мен қарақал­пақтар­ды, Хиуа мен Бұха­ра­ны қара­ту­ды, оңтүс­тіктегі қазақ жер-суы мен аста­на­сын жоңғар­лар­дан қай­та­рып алу­ды мақ­сат еткен. Бұлар­дың өте­уіне ол пат­шай­ым­ның елі­нен шыққан орыс сауда керуен­дерінің сапар­ла­рын қауіп­сіз­дендіруді мой­ны­на алды, ре­сейліктердің қазақ жері ау­ма­ғынан алтын кен орын­да­рын із­дестіруіне жәр­дем­де­су­ге, қа­зақ­тардың Ресей қол астын­дағы халы­қтар мекен­дей­тін ай­мақ­тарға шабуыл­да­уын тоқта­туға, басқа да көмек­терін және жабайы аң терілері­нен дай­ын­дап алым беру­ге уәде етті. Оның бо­дандық хақын­дағы тү­сінігі осын­дай бола­тын. Ал ор­ыс үкі­меті Әбілқай­ыр хан да, өзге тұлға­лар да Ресей туы­на адал бола­мыз деп бер­ген ант­ты Ресей­ге мәң­гілік­ке бағы­нуға ке­ліс­ті деп есеп­те­ді (қазақ би­леу­шілері мұн­дай актіні ағым­дағы жағ­дай­ға орай өздеріне қажет уақыт­ша одақ құруға деген заң­ды құқы­ның көрінісі ретін­де санаған). Терістік­те­гі қуат­ты монар­хи­я­ның про­тек­то­ра­ты болуға бей­іл­ді­гін рас­тап, 1738 жылы екін­ші рет ант беру ар­қылы Ресей­мен бей­біт қа­­рым-қаты­нас орна­туға жол аш­қан, сөй­тіп еліне көп жақ­сы­лық әкел­ген Әбілқай­ыр хан­ның даң­қы шар­та­ра­пқа тара­ды. Кіші жүз – терістік-шығыс Арал маңын мекен­дей­тін саны көп Шек­ті о бастан оның негіз­гі әл­еуметтік тіре­гі бола­тын, оған қоса үлкен ұлы Нұра­лы сұл­тан басқа­ра­тын Бай­ұ­лы бір­ле­сті­гі рула­ры­ның көп­шілі­гі, басын­да Есет батыр тұрған Жеті­ру бір­лестігі – түгел дер­лік, Орта жүз рула­ры­ның едәуір бөлі­гі – Арғын тай­па­сы­ның Жәні­бек батыр жетек­шілік ететін көп­те­ген рула­ры, хан­ның екін­ші ұлы Ера­лы сұл­тан басқа­ра­тын Керей­лер, іші­на­ра сол­түстік­ті мекен­дейтін Най­ман мен Уақ – оны өз ханы деп таны­ды. Ішкі сая­си жағ­дай бір­ша­ма тұрақта­нып, нығай­ды. Про­тек­то­рат ретін­де даму­дың алға­шқы жыл­да­рын­да Әбілқай­ыр хан­ның сая­си жағ­дайы осы­лай, іс жүзін­де аға хан мәр­те­бесіне бір­ша­ма сәй­кес келіп тұр­ды.


Бұл кез­де Орта Ази­ядағы халы­қа­ра­лық аху­ал қа­зақ қоға­мын бір орта­лы­ққа ба­ғындырып басқа­ру жүй­есін құ­ру қажет­ті­гін күн тәр­тібі­нен еш түсір­ме­ген еді. Әбілқай­ыр хан Сыр­дың төмен­гі ағы­сы­на қала салып, жоңғар­лар мен иран­дық­тардан қорға­ну шара­ла­рын жүзе­ге асы­ру үшін, қаза­қты сыр­тқы жаудан қорға­уға мін­деттенген пат­ша үкі­меті­нен 1739 жылы әске­ри көмек сұ­рады. Бірақ, бір­не­ше рет сұ­ра­ғанына қара­ма­стан, көмек бе­рілмеді. Соның сал­да­ры­нан қа­зақ елінің оңтүсті­гі мен терістік-шығы­сын­дағы сая­си жағ­дай ши­еленісе түсті. Пар­сы­лар Хи­уа мен Бұха­ра­ны жау­лап алды. Жоңғар­лар Ертіс пен Есіл ара­сын­да, Сыр аумағын­да көшіп-қонып жүр­ген қазақ рула­рын шап­ты. Сон­да ресей­лік әкім­шіліктің жәр­дем бер­мей алда­у­сы­ра­туы­на ашу­ланған Әбілқа­йыр хан оған сенім­сіздік біл­ді­ріп, жоңғар қон­тай­шы­сы­мен тіке­лей келіс­сөз жүр­гізіп көр­ді. Өзбек ақсүй­ек­тері мен шон­жар­ларының шақы­руы­мен Хиуа­ға аз уақыт хан болып та қайт­ты.


Жоңғар­лар­дың қалың қолы 1741–1742 жыл­да­ры Ұлы жүз бен Орта жүз­ге шабуыл жа­са­ған шақтар­дағы шай­қастар­дың бір­інде Абы­лай сұл­тан тұтқы­нға түсті. Дұшпан теге­уірініне төтеп бере алмаған Әбіл­мәм­бет хан жасағы­мен Елек­тің жоғарғы ағы­сынан Орын­борға қарай ше­гінуге мәж­бүр бол­ды. Сон­да қа­зақтың аға ханы Әбіл­қайыр­дың өтіні­шіне сәй­кес, Ор қама­лының комен­дан­ты жоң­ғар әс­керінің қол­бас­шы­сы­на Ресей мем­ле­кеті қаза­қтар­ды өз бода­ны ретін­де қорғай­ты­нын мәлім­деді. Шап­қыншылық тоқ­татылды.


Бірақ қалың қолы­мен Орта жүздің едәуір бөлі­гін басып алған жоңғар қон­тай­шы­сы Гал­дан Церен қазақ әмір­шілері­нен Жоңға­ри­я­ның сая­си про­тек­то­ра­ты екенін мой­ын­да­уды талап етті. Осы талап­ты талқы­лау үш­ін 1742 жылғы көк­тем­де 1500 адам қаты­сқан жина­лыс өтті. Көп­шілік Гал­дан Церен­нің тала­бын орын­дау қажет деген ойға кел­ді. Билер Әбілқай­ыр хан­ға: «Біз қал­мақтар­мен үйре­нісіп қалған­быз, қал­мақтар­дың сұраға­нын беру керек», – деп мә­лімдеді. Қыз­ба, намысқой Әбілқай­ыр хан қат­ты ашу ша­қырып, олар­ды дөрекі түр­де ақы­мақ­сы­ң­дар деп сөк­ті. Жоң­ғар мәсе­лесі бой­ын­ша өзінің Орын­бор экс­пе­ди­ци­я­сы­ның жаңа бас­шы­сы­мен кеңе­суі ке­ректігін жария етті.


Бірақ Орта жүз ханы Әбіл­мәм­бет пен Батыр және Барақ сұл­тан­дар қонтай­шы тала­бы­на көніп, оған өзде­рінің ама­нат­та­рын жіберіп жат­ты. Алай­да Аңы­рақай жеңісінің бас қаһар­ма­ны Әбілқай­ыр ба­һадүр хан­ның ила­ны­мын­ша, Қазақ ханды­ғы жоңғар қонтай­шысына бағы­нам десе – абы­рой­дан айры­ла­ды. Осын­дай па­йыммен ол жоңғар про­тек­ци­я­сын мой­ын­да­уға үзіл­ді-ке­сіл­ді қар­сы шықты. Күш-қуа­ты артып тұрған Гал­дан Церен­ге кіріп­тар­лы­қтан құты­лу үшін, оны­мен соғы­суға жақ­сы жа­рақталған тұрақты әскер күшін пай­да­лан­бақ бол­ды. Сон­дай жос­па­ры­на сәй­кес, қаза­қты қорға­уға мін­дет­тен­ген Ресей­ден нақты әске­ри жәр­дем сұ­рауды жөн көр­ді. Әрі өзек­тілі­гі арта түс­кен өзінің бай­ы­рғы сая­си мақ­са­ты­на жетудің – хан­дықты бір орта­лы­ққа толығы­мен бағын­ды­ру­дың сәті туды деп есеп­те­ді. Ол 1742 жылғы 18 мау­сым­да Орын­бор­дағы жа­ңа әкім Иван Неплю­ев­ке Гал­дан Церен­нің қаза­қтарға қой­ған талап-хатын және өзінің Ресей тәжіне адал­ды­ғын біл­ді­ре оты­рып, көмек­ке қару­лы күш сұраған жеке хатын жол­да­ды. Ресей­дің әске­ри көме­гі оған ең алды­мен жоңғар қонтайшы­сының тала­бын орын­да­уға бет алған Әбіл­мәм­бет хан мен Ба­рақ, Батыр сұл­тан­дар­ды күш­пен ауы­зды­қтап тоқта­ту үшін керек еді. Осын­дай жол­мен ол мем­ле­кет­тік тұта­сты­ққа қол жет­кі­зуді, Орта жүз­де­гі өзіне бәсе­ке­лес болып жүр­ген шың­ғыс тұқым­дас бауыр­ла­рын бір­жолата бағын­ды­рып алып барып, ықпа­лын күл­лі қазақ еліне жүр­гі­зуді ойла­ды.


Алай­да импе­рия үкі­меті қа­зақ елінің сая­си құры­лы­мын Әбілқай­ыр хан арман­даған­дай дәре­же­де жетіл­діруді, хандық­тың қатаң орта­лы­қтан­ды­ры­лған мем­ле­кет­тік жүй­есін құру­ды ойы­на да алмай­тын. Сон­ды­қтан хан­ның бұл өтіні­ші де жау­ап­сыз қал­ды­рыл­ды. Бірақ қазақ эли­та­сының ара­сын­да жоңғар қон­тайшысына қарай бағ­дар­ла­ну күшей­іп бара жатқа­нын үкі­мет еріксіз ескеріп, Орын­бор экс­педициясының жаңа басты­ғы гене­рал Неплю­ев­ке арнайы тап­сыр­ма бер­ді: Кіші жүз бен Орта жүздің Ресей қол астын­да екенін жоңғар әмір­шісі Гал­дан Церен ресми түр­де мой­ын­да­сын, соған қайт­кен­де де қол жет­кі­зу керек. Осы мәсе­ле ор­айында Орын­бор өлкесінің пат­шай­ым бекіт­кен жаңа қожа­йыны мен қазақ ханы тұңғыш рет бет­пе-бет кез­де­сті. Әбіл­қайыр хан үш жүздің 155 өкілін (Кіші жүз­ден – 83, Орта жүз­ден – 68, Ұлы жүз­ден – 4 адам) сон­­дай-ақ орда­сын­дағы жоң­ғар мен қарақал­пақ елшілерін ертіп, 1742 жылғы 23 тамы­зда Ор қама­лы­на кел­ді.



Бей­біт ҚОЙШЫБАЕВ,


Жазу­шы



(Жалға­сы бар)